Қысқы мал азығын дайындауға 5,3 млрд. теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі А.Мамин өткен айда Маңғыстау облысына жасаған сапарында фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетінін айтқан болатын.
Үкімет басшысының тапсырмасымен қазынадан 5,3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,9 млрд теңгесі шөп, ал қалған 3,4 млрд қаржы жем сатып алуға жұмсалмақ. Осылайша өңірде қысқы мал азығының қорын қалыптастыру жоспарланып отыр. Қазір қажетті жем алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен «Каспий» ӘКК арасында келісім жасалуда. Сонымен қатар әр ауданнан операторлар анықталып, еліміздің өзге өңірлерінен шөп тасуға дайындық жүріп жатыр.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
15 пікір