Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда сыйақы алуға болады
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бақылау-кассалық машина фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы 2020 жылғы 12 мамырдан бастап қайта басталғаны туралы хабарлайды.
«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.
App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.
Барлықтарыңызды өздеріңіздің азаматтық ұстанымдарыңызды көрсете отырып, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
[xfvalue_img]
29 пікір