Жамбыл полицейлері қарақшылық шабуылды анықтады
Жамбыл аудандық полиция бөліміне қарақшылық шабуыл дерегі бойынша Тараздың 27 және 37 жастағы тұрғындары өтініш білдірді. Олардың айтуынша, "Тараз-Қаратау" тас жолында нөмірлері жоқ "Lada Priora" маркалы автокөлікпен үш белгісіз адам пышақ тәрізді затты қолдану арқылы күш көрсетiп 900 мың теңге сомасында ақшаларын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21, 22 және 24 жастағы күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан 794 мың теңге сомасында қолма-қол ақша алынды. Күдіктілердің айтуынша, олар шабуылды алдын ала жоспарлаған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
[xfvalue_img]
14 пікір