СҚО-да қызметтік-іздестіру иті жоғалған баланы табуға көмектесті
(видео: https://youtu.be/H5Bzr2Hi--0)
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында 200-ге жуық адам із-түссіз жоғалған 10 жасар баланы екі тәулік бойы іздеді. Оны табуға қызметтік-іздестіру иті көмектесті.
Баланың жоғалуы туралы 26 қаңтар күні белгілі болды. Іздеу шараларына полицейлерден бөлек, өрт сөндіру бөлімі, ТЖ бөлімі және аудан әкімдігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Облыстық полиция департаментінен екі іздеу тобы көмекке келді. Сонымен қатар, іздестіру жұмыстарына Жасқайрат, Қайрат, Қулыкөл ауылдарының және басқа да ауылдардың тұрғындары көмек көрсетті. Біреулер жаяу, енді бірі автокөліктер мен жылқылар мініп келіп, төңіректі қарады. 27 қаңтар күні бала аман-есен бос тұрған үйден табылды. Бұл үйдің иелері жол жүріп кеткен. Оны аудандық полиция бөлімінің кинолог-инспекторы Нұрлан Жауар Цефей есімді неміс овчаркасын қолданып тапты.
«Бала медициналық мекемеге жеткізілді, қазір ол дәрігерлердің қарауында», — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Алижанов. – Ювеналдық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап жатыр, баланың отбасымен жұмыс жүргізілетін болады. Полиция бөлімі басшылығының және жеке құрамның атынан іздеу жұмыстарына қатысқан ауданның барлық тұрғындарына алғысымды білдіремін».
СҚО ПД баспасөз қызметі
https://polisia.kz/ru/dvoe-sutok-iskali-propavshego-10-letnego-mal-chika-v-sko/
[xfvalue_img]