Өскеменде 7 жастағы жоғалған бала саяжайдан табылды
7 жасар ұлы жоғалғаннан кейін анасы Өскемен қаласының Полиция басқармасына жүгінген. Тәртіп сақшылары баланы бақшалар қоғамдастық ауданынан тапты.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде түнде сағат 22:02-де "102" жедел каналына жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түскен, ол 7 жасар ұлын іздеп көмек сұрады.
Анасының айтуынша, ұлы үйден шығып, сол беті үйіне оралмаған.
Кәмелетке толмағанның тұрған жерін анықтау мақсатында дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды. Тәртіп сақшылары қандай да бір ақпаратты меңгере алатын таныстар мен куәгерлерден сауалнама алып, «Самал» дүкеніне іргелес жатқан аумақтарды: гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты. Аэропорт аумағын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Іздеу жұмыстары жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналарды пайдалану арқылы да жүзеге асырылды. Саяжай алқаптарына іргелес жатқан көп қабатты үйлердің шатырлары мен жертөлелері қаралды.
- «Жоғалған баланы іздеуге Өскемен қаласы ПБ жеке құрамының
270-тен астам қызметкері қатысты. Адасып қалды деген оймен, тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы түні бойы іздеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін таңертең кәмелетке толмаған баланы Өскемен қ. ПБ қызметкерлері полиция майоры Мақсат Смекенов пен полиция капитаны Сержан Ақпаев саяжай қоғамдастықтарының бірінен тапты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Үйіне аман-есен жеткізілді»,-деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Табылған баланың анасы құқық қорғау органдарына және барлық қамқоршыларға кәмелетке толмаған ұлын іздеуге көмектескені үшін үлкен алғыс білдіреді.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
31 пікір