Қамаудағыларға психологиялық қолдау тым керек-ақ
Тікенді сыммен қоршалған қорған, мұнда түскендердің бостандығын алып қана қоймайды,олардың үмітінде сөндіріп жатады. Ал үмітсіз адамның жан дүниесінде не болып жатқанын білу түрме психологтарының басты міндеті. Сондықтан психолог мамандар әртүрлі қылмыскерлердің жан дүниесіне үңіліп, күйзелістен арылтып, көмектесіп, моральдік-психологиялық қолдау көрсетеді.
Осы орайда, № 60 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог мамандары Кульбаева Шынар мен Сабитқызы Салтанат жазасын өтеуші сотталғандарға "Өмірге деген махаббат" тақырыбында арт терапия сабағын ұйымдастырды.
- Бүгін біз жазасын өтеуші сотталғандармен Арт-терапия өткіздік. Бұл терапияның мақсаты: сотталғандарды ішкі жан-дүниесіндегі қорқыныштар мен мазасыздықтан арылту болып табылады. Сондай-ақ, адамның шығармашылық жағдайын дамытып, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға жағдай жасау.
Шара барысында қатысушы азаматтар белсенділік танытып, өз қабілеттерін көрсете білді. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды. "Қазіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып есептеледі. Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психология аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі " - деді психолог мамандар.
[xfvalue_img]