Жұртшылық өкілдері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты

Жұртшылық өкілдері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты

Солтүстікқазақстандық полицейлер «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Іс-шараға Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, әйелдер күштері Альянсы, «Аналар үйі» сияқты үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері де қатысты. Жақында олар полицейлермен бірлесіп кезекті рейдке шығып, тұрмысы қолайсыз отбасыларға барды. Бұндай бірлескен іс-шаралар өткен жылдың соңында жасасқан меморандум шеңберінде өткізілуде.

Мекенжайлардың бірінде ата-ана құқығынан айырылғалы жатқан әйел тұрады. Тексеру тобы барғанда ол үйінде болмай шықты. Спирттік ішімдіктерді ішуді жалғастыруда. Сондықтан оның екі баласын балалар үйіне өткізбес үшін, әжелері оларды үйлеріне алып кеткен. Қоғам өкілдері де оларға ат басын бұрды. Үй ішіндегі жағдай қиын, баспана өрттен кейін қалпына келтірілген. Қиындықтарға қарамастан, жұмыс істейтін әжелері балалар дұрыс тәрбиеленуі үшін қажетті жағдай жасауда. Ал, басқа үйде бес баласы бар жесір әйел тұрады. Баспана іші күнкөріс үшін қиын болғанымен, әйел ұнжырғасын түсірмейді. Әр жағдайды қоғам өкілдері назарға алып, жәрдемақылар тағайындау, балаларды үйірмелер мен секцияларға орналастыру сұрақтарын қарастырып әлеуметтік қолдау көрсетпек ниетте.

«Қоғамдық ұйымдардың жәрдемдесуі тәртіп сақшылары үшін өте маңызды, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әрекеттерінің алдын алып, салдарын жоюмен айналысады, ата-аналық міндеттерін орындамайтын тұлғалармен жұмыс істейді. Отбасындағы ауа райының, жалпы ахуалдың жақсаруына қоғамдық ұйымдар да әсер етуі мүмкін. Өткен жылы тұрмыстық қылмыстардың 7%-ға төмендеуіне қол жеткізілді. Жұртшылық өкілдерінің қатысуы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жалпы жағдайды жақсартуға оң әсер етпек».

СҚО полицейлері жалпы іс-шара барысында 3 мыңнан астам проблемалы отбасыға барып қайтты. Оның барысында түрлі 302 бұзушылық анықталды, оның 51-і отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында. Ең жиі жасалатын құқық бұзушылықтар – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішіп, мас күйде жүру. Мұндай – 169 факті тіркелді. Іс-шара барысында 81 қорғау нұсқамасы шығарылып, тәртіп бұзушылардың мінез-құлқына 27 ерекше талап белгіленді. Бұдан бөлек, тұрмысы қолайсыз 16 отбасы есепке қойылды. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.