Петропавл полицейлері бір күнде 200-ден астам отбасын тексерді

Петропавл полицейлері бір күнде 200-ден астам отбасын тексерді

Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және криминогендік жағдайды төмендету мақсатында 12 қаңтарда республика аумағында бастау алған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық алу іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде. Петропавлда 70-тен астам полиция қызметкері мекенжайларды аралап, құқық бұзушылықтар тіркелген отбасыларды тексереді.

Жұмысшы кентінде тексерілген отбасылардың бірінде төрт бала тәрбиеленуде. Бұл ұйдің отағасы өткен жылдың соныңда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ол кезде оған қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған. Жуырда ер адам оның талабын бұзып, 5 күндік әкімшілік қамаққа алынды. Отбасыға барған кезде сақшылар оның әйелінің мас күйде жүргенін байқады. Бұл жолы ювеналдық полицейлердің араласуына тура келді. Әйел ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

«Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге учаскелік инспекторлар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері, ювеналдық полицейлер жұмылдырылды, - дейді Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов. – Басты  назарда жанжалқойлар, маскүнемдер, тұрмысы қолайсыз отбасылар және «есепте тұрған» басқа да санаттар. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалуына көбінесе алкогольдік ішімдіктерді ішу себеп болып жатады. Полицейлер барған теміржол вокзалы ауданындағы мекенжайлардың бірінде екі баласы бар жас отбасы тұрады. Ата-аналардың екеуі де ішімдікке әуес. Өткен жылдың соңында олардан балаларды алу туралы мәселе көтерілген. Содан бері отбасыдағы үлкендер түзеліп келеді. Кезекті тексеру барысында полицейлер үйде тәртіптің орнағанына, балалардың тәрбиесіне көңіліп бөлініп жатқанына, олардың тәрбиесіне жағдай жасалғанына көз жеткізді».

Іс-шараның алғашқы тәулігінде Петропавлда есепте тұрған 222 тұлға тексерілді. Жұмыс барысында полицейлер 19 құқық бұзушылықты анықтады. 13 қорғау ұйғарымы шығарылып, сотпен 6 бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойылды. 5 жағдайда алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы мәселе көтерілді. Тәртіп сақшыларымен бірге жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге қоғам белсенділері де қатысуда. Олар тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтап, оларға материалдық, психологиялық немесе құқықтық қолдау көрсету мүмкіндігін іздеуде. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

https://polisia.kz/petropavl-politsejleri-bir-kunde-200-den-astam-otbasyn-tekserdi/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.