Жыл басынан Петропавлда 1000-нан астам отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді

Жыл басынан Петропавлда 1000-нан астам отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – учаскелік полиция инспекторы жұмысындағы басымды бағыттардың бірі. Тәртіп сақшылары келіп түсетін хабарламаларға ден қойып, зорлық-зомбылық фактілері тіркелген отбасылардағы жағдайды бақылауға алады. Тәжірибе көрсеткендей, жаза тартқан бұзушылар жағдайдан қорытынды жасамайды. Мәселен, тамыз айында 46 жастағы қала тұрғыны тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот оның жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойды. Оған 3 ай бойы алкогольді ішуге тыйым салынған болатын. Алайда, учаскелік инспектор тексеріс барысында оны екі рет масаң күйде көрген. Ерекше талаптарды орындамағаны үшін ер адам екі ретте де 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 «Бұзушылар сот шешімін елемей жататын жағдайлар кездесіп жатады, - деді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ахмағамбетов. – Олардың түзелуіне маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберу шарасы ықпал етуі мүмкін. Ол үшін жақын туыстарының өтініші қажет. Бұл ретте, адамдардың басым бөлігі жанжалқойлардың әрекеттеріне мойынсұнуға дайын. Отбасылық жанжал кезінде соққыға жығылғанымен, зардап шеккендер кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы арыз жазудан бас тартып, татуласып жатады. Жазасыздық отбасыдағы зорлық-зомбылықтың қайталануына әкеп соғады. 9 айдың ішінде қалада отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 18 қылмыс жасалған. Олардың барлығы дерлігі жанжалдан, қорлаудан, психологиялық зорлық-зомбылық, күш көрсетуден басталған – жәбірленушілер полицияға уақтылы жүгінген жағдайда қылмысты болдырмау мүмкін еді».

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары полицияға мына телефондар 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қ. ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) бойынша немесе республикалық call-орталықтың 150 нөміріне жүгініп, консультация мен көмек ала алады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына жүгінуге болады.

Жалпы жыл басынан Петропавлда отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 1092 құқық бұзушылық тіркелді. Учаскелік инспекторлар 899 қорғау ұйғарымын шығарды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.