Қызылордада пробация қызметкерлері көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасады
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Қазалы аудандық пробация қызметі жаңа жылды қайырымдылық көмек көрсетуден бастады. Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатовтың айтуынша, қайырымдылық көмек «Нұрай» құрылыс дүкенінің демеушілігімен 7 отбасыға көмек көрсетілді. Есептегі жеті азаматта тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар.
- Оларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Былтыр да қайырымды жандардың демеушілігімен 15 отбасыға көмек берілген. Жеке кәсіпкерлер тарапынан осындай игі істер жиі ұйымдастырылып тұрады. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралар жалғасын табатын болады»- деді Ербол Сражатов.
«Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Есептегі азаматтардан басқа да тұрмыс жағдайы төмен аудан тұрғындарына қолымнан келгенше көмек көрсетемін»,- деді жеке кәсіпкер.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
.
[xfvalue_img]
24 пікір