Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қазалы аудандық пробация қызметі өз есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді. Жуырда аталмыш бөлім қызметкерлері өздерінің игі шараларын жалғастырып, тағы қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтқанда, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Әйтеке би кенті әкімшілігінен ашылған «Әлеуметтік дүкен» орнына барып, пробация қызметінің есебінде тұрған тұрмысы төмен сотталғандарды қажетті киім-кешектермен, аяқ-киімдермен қамтамасыз етілуіне ықпал жасады.
«Елімізде әртүрлі қайырымдылық іс-шаралары мен акциялардың саны артып, көптеген игі істер жасалуда. Осы ретте мұндайдан еш уақытта қалыспайтын біздің ауданымыздың пробация қызметкерлері де кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, осы аптаның дүйсенбісі күні аталмыш органның қызметкерлері көмекке мұқтаж есепте тұрған, қоғамнан оқшауланбаған сотталғандардың үйлеріне барып, оларға қажетті азық-түлік себеттерін таратып, жәрдем етті. Осылайша, пробация қызметкерлері тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды. Аталмыш шара көмекке аса мұқтаж тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып, алдағы уақытта әлі де жалғасын табатын болады», - деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
[xfvalue_img]