2022 жылдың соңына дейін бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді қолданатын БАРЛЫҚ жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген БКМ-ді қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады!
Осыған дейін салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.
[xfvalue_img]