БКМ қайта бағдарламалау мерзімі ұзартылды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.
[xfvalue_img]