Ақтөбеде түзеу мекемесінің тәрбиешілері ерекше балаларды мерекемен құттықтап барды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімі С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп, «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігіндегі балаларды тәттілер мен жеміс- жидектер және сыйлықтармен қуантты.
Іс- шараны ашқан «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі бастығының міндетін атқарушы Инна Санина, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық жұмыс тобының аға иснпекторы Нұргүл Жумагулова және департаментке қарасты №8 түзеу мекемесінің жасақ бастығы Сәндібек Дюзембаев, балалар мен олардың ата- аналарын мерекемен құттықтап, барлық жақсылықты тіледі.
Көңілді кешті жалғастырған «Жұбанов жылуы» еріктілер қозғалысының ерікті- студенттері ортаны әдемі әндерімен және билерімен толтырып, «Қызыл телпек» ертегісінен қойылым қойды.
50-ге жуық ерекше балалар түрлі емдік қолдаулар алып келетін қоғамдық бірлестіктегі іс- шара биылғы «Балалар жылына» және 25 қазан Республика күнін мерекелеуге арналды.
«Әр мереке сайын біз балаларды жинап, оларға мерекелік көңіл- күй сыйлап, қуантуға тырысамыз. Сонымен қатар, жалпы жұмыс барысында аптасына бір рет ерекше балалардың ата- аналарына арналған психологиялық тренингтер өткіземіз. Балалар массаж және логопед бойынша ем алады. Сондай- ақ, ерекше ересек балалар және ерекше баласы бар отбасында тәрбиеленіп келетін ересек балалар үшін де психологиялық тренингтер ұйымдастырамыз»,- дейді «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі бастығының міндетін атқарушы Инна Санина.
Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік- психологиялық қызметі бөлімі бұған дейін де «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігімен тығыз қарым- қатынаста болып, балаларға жылы киімдер және сотталғандардың қолынан шыққан бұйымдар сыйлаған болатын.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
20 пікір