Астанада өтетін агроөнеркәсіп көрмесінде Қазақстанның үздік сауыншысы таңдалады
12-14 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі KazAgro/KazFarm-2022 агроөнеркәсіптік көрмелері өтеді. Халықаралық деңгейдегі шараға 20-дан астам елден 300-ден аса түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады. Оның ішінде Қазақстан, Германия, Түркия, Беларусь, Ресей, Австрия, Испания, Италия, Иран, Израиль, Қытай, Канада, Польша, Швеция және басқа да елдердің өкілдері бар.
KazAgro - тұқым таңдаудан бастап, дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын өсімдік шаруашылығы көрмесі. KazFarm, өз кезегінде мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібіне арналған көрме – эмбриондардан бастап дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық қамтылған.
Өткен маусымдардағыдай биыл да KazAgro/KazFarm-2022 ұйымдастырушылары нарыққа әлемдік жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын, инновациялық технологиялар мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын ұсынады.
Көрменің жалпы ауданы шамамен 20 мың шаршы метрді құрайды. Белгілі болғандай, ауқымды іс-шараның кең экспозициясы мен бай іскерлік бөлігі түрлі іс-шаралардың тұтас сериясын қамтиды.
KazAgro/KazFarm-2022 көрмесінің қонақтары бірқатар арнайы іс-шараларға қатыса алады. Осылайша, ұйымдастырушылар «Үздік сауыншы» байқауын өткізеді, онда әркім ірі қара малды сауу шеберлігіне тестілеуден өте алады. Қауіпсіздік мақсатында байқау сиырлардың ағаш үлгілері бойынша ғана өткізіледі.
Байқау 12-14 қазан аралығында өтеді. Байқаудың негізгі ұйымдастырушысы KFM-Projekt қазақстан-неміс компаниясы болып табылады.
Сондай-ақ көрме барысында мал өсірушілер, ветеринарлар және Қазақстанның мал шаруашылығы саласының инвесторлары үшін ақпараттық шара өтеді. Оның тақырыбы «Жоғары сапалы идентификация құралдарын пайдалана отырып, жануарлардың асыл тұқымдылығын жақсарту: Қазақстан Республикасындағы ағымдағы тәжірибе және болашақ әлеуеті» деп жарияланды.
Тағы да айта кетерлігі, 13 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің барлық өңірлерінен үздік және озық егін шаруашылығындағы серіктестіктерді марапаттайтын Қазақстан егіншілерінің ІІ слетін өткізеді. Слет өсімдік шаруашылығындағы соңғы технологияларды көрсетуді, тәжірибе алмасуды және саланың маңызды мәселелері бойынша баяндамашыларды таныстыруды және сала жетекшілерін марапаттауды қамтиды.
Сондай-ақ, экспозиция қонақтарын «EXPO» ХКО кіреберіс тобы аумағындағы көшеде өтетін асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлар көрмесі күтуде.
Бұл іс-шараларға - KazAgro/KazFarm-ды 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келе жатқан ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы бастамашы болғанын атап өткен жөн. ExpoGroup компаниясының директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, жалпы жоба фермерлерге үш күн ішінде бір нысанда барлық бизнес шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушылардың арасында қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары бар.
Көрмелердің ресми ашылуы 12 қазанда сағат 11.00-де ЭКСПО көрме орталығында өтеді.
Көрмелердің ресми ашылуы: 2022 жылдың 12 қазаны, сағат 11.00.
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 53/1 («EXPO» ХКО).
БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылдың 11 қазанында сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Аккредиттеу тізімдерін press@expogroup.kz поштаға жіберу керек
Байланыс телефоны: +77026670700, +77019992819
[xfvalue_img]