Астанада асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлардың көше көрмесі өтеді

KazAgro/KazFarm-2022 халықаралық көрмесі бағдарламасының жаңа мәліметтері белгілі болды 

12-14 қазанда Астанада Орталық Азиядағы ең ірі «KazAgro/KazFarm-2022» агроөнеркәсіптік көрмелері өтеді. Халықаралық деңгейдегі шараға 20-дан астам елден 300-ден аса түрлі компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.

Өткен маусымдардағыдай биыл да «KazAgro/KazFarm-2022» ұйымдастырушылары нарыққа әлемдік жетекші ауыл шаруашылығы концерндерінің соңғы үлгідегі ауылшаруашылық техникалары мен жабдықтарын, инновациялық технологиялар мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын ұсынады.

Көрменің жалпы ауданы шамамен 20 мың шаршы метрді құрайды. Белгілі болғандай, ауқымды іс-шараның кең экспозициясы мен бай іскерлік бөлігі түрлі іс-шаралардың тұтас сериясын қамтиды.

Осылайша, көрме бағдарламасы жетекші сала мамандарының, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен инновациялық орталықтардың басшыларының, іскерлік миссиялардың қатысуымен таныстырылымдарды ұйымдастыруды және өткізуді, қазақстандық-шетелдік компаниялар арасында меморандумдарға қол қоюды көздейді.

Экспоненттер мен көрме қонақтары агрономдарға арналған жаңа қосымшаның тұсаукесерін күтуде. Сонымен қатар мал шаруашылығына арналған жаңалықтар; ауыл шаруашылығына қажетті жаңа камаз көліктері мен құрылғылардың таныстырылымы; мамандандырылған шетелдік жабдықтарды көрсету; Қазақстанда ауылшаруашылық техникасының алғашқы ішкі нарығының тұсаукесері, сонымен қатар әртүрлі интерактивті іс-шаралар, конкурстар, семинарлар мен шеберлік сыныптары бар. Мысалы, өсімдік өсірушілерге «Өсімдіктерді қоректендірудің тұрақты шешімдері» және «Ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы семинарлар өте пайдалы болары анық.

Сондай-ақ көрме барысында мал өсірушілер, ветеринарлар және Қазақстанның мал шаруашылығы саласының инвесторлары үшін ақпараттық шара өтеді. Оның тақырыбы «Жоғары сапалы идентификация құралдарын пайдалана отырып, жануарлардың асыл тұқымдылығын жақсарту: Қазақстан Республикасындағы ағымдағы тәжірибе және болашақ әлеуеті» деп жарияланды.

 Тағы да айта кетерлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің барлық өңірлерінен үздік және озық егін шаруашылығындағы серіктестіктерді марапаттайтын Қазақстан егіншілерінің ІІ слетін өткізеді.

Көрмелер тарихында алғаш рет 2022 жылы асыл тұқымды, таңдаулы бұқалардың тұқымдық материалдарына аукцион болады. Бұл ретте экспозиция қонақтарына көшеде өтетін асыл тұқымды бұқалар мен қошқарлардың шоуы ұсынылады.

Сонымен қатар, KazAgro/KazFarm-2022 халықаралық көрмелері аясында Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогының ұйымдастыруымен «AGROTRENDS – топырақ құнарлығын сақтау, органикалық ауыл шаруашылығы, климатқа қолайлы өндіріс» конференциясы ұйымдастырылады. Мұның өткізетіндердің қатарында DLG e.V. (Халықаралық ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауымдастығы) бар.

Сондай-ақ, Жас фермерлер қауымдастығының форумын өткізу жоспарлануда.

Бұл іс-шараларға - KazAgro/KazFarm-ды 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келе жатқан ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы бастамашы болғанын атап өткен жөн. ExpoGroup компаниясының директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, жалпы жоба фермерлерге үш күн ішінде бір нысанда барлық бизнес шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тақырыбы бойынша нақтыласақ, «KazAgro» - тұқым таңдаудан бастап, дайын өнім мен заманауи технологияларды қамтитын өсімдік шаруашылығы көрмесі. KazFarm, өз кезегінде мал шаруашылығы мен ет-сүт өнеркәсібіне арналған көрме – мұнда эмбриондардан бастап дайын өнімдер мен қызметтерге дейін толық қамтылған.

Іс-шараға қатысушылардың арасында қазақстандық фермерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, импорттаушылар мен экспорттаушылар, Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, сала мамандары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары бар.

Көрмелердің бас демеушісі – «Ростсельмаш» компаниялар тобы.

Көрмелердің ресми ашылуы 12 қазанда сағат 11.00-де ЭКСПО көрме орталығында өтеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.