Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкеніндегі өртті тергеп-тексеру туралы
Бас прокуратура ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастыруда.
Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті, оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды.
Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы 40 килограмм оқ-дәріні кейіннен өлшеп орау және сату үшін сатып алған.
Бұл оқ-дәрі Қостанай қаласына ауа температурасы 36 градус ыстық болған кезде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұза отырып тасымалданған және жарылыс орын алған дүкеннің жертөле бөлмесіне сақтауға қойылған.
Сарапшылар жарылыстың себебі оқ-дәрінің тұтануы болды, бұл қирауға және өрттің тұтануына әкеп соқты деген қорытындыға келді.
Қазіргі уақытта тергеу кінәлі адамдардың жауаптылық дәрежесін анықтауда.
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/435031?lang=kk
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]