Өскемен полицейлері үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анаға көмектесті
41 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны екі қыз бен ұлдың анасы, оларды жалғыз тәрбиелеп отыр.
Олар әжесінен қалған пәтерде тұрады. Күйеуі отбасынан кетіп, оны екі қызы мен мүгедектігі бар ұлымен жалғыз қалдырған.
Әйел азық-түлік сатып алуға қаражат жетпейтінін, барлық ақша ұлының дәрі-дәрмектеріне және тұрғын үйді төлеуге кететінін айтты. Сонымен қатар, өзінің де денсаулығы нашар.
Отбасы тап болған әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар туралы біліп, Өскемен қ.ПБ айдауылдау қызметінің қызметкерлері әйелге материалдық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Тәртіп сақшылары отбасына киім-кешек пен бірінші кезекте қажетті азық-түлік апарып берді.
Өз кезегінде, жалғыз басты ана полицейлерге алғыс білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]