ИИДМ-да кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселесі бойынша жұмыстар жалғасуда
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмысқа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, қазақстандық бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері тартылған.
Бүгінде «Көлік» және «Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді барлау» салаларындағы реттеу актілерін талдау аяқталды. Атап айтқанда, талдау шеңберінде көлік саласындағы 290 нормативтік-құқықтық акті қарастырылып, 12 мың талап белгіленді. Оның 5 мыңнан астамы түзетуді талап етпейді және ICAO стандарттарына сәйкес келеді. Өзге 141 нормативтік-құқықтық актідегі 6 115 талаптың 1 306-ы базалық шарттарға сай емес. Бұл жалпы көрсеткіштің 21,3 пайызын құрайды.
Ал «Тау-кен өнеркәсібі мен кеніштерді барлау» саласы бойынша 83 нормативтік-құқықтық құжат қарастырылды. Талдау қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талап айқындалып, оның 858-і базалық шарттарға сәйкес еместігі белгілі болды.
Сонымен қатар «Қоймалау», «Құрылыс» және «Автокөлік және мотоциклдерді жөндеу» салаларындағы талаптарды талдау жұмыстары 16 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кейбір заңнамалық актілерді заңнамалық регламенттердегі артық (шектен тыс) нормалар мен мемлекеттік басқару деңгейіндегі өкілеттіктерді орталықсыздандыру нысанында ревизия жасауды бастаған болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру мәселесі қарастырылған жиында ведомстволық реттеушілік актілерін қайта қарау бойынша ауқымды жұмыстардың жоспары айқындалған болатын. Аталған тізілім кәсіпкерлік ортаға теріс ықпал ететін факторларды анықтап, оған тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]