Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптесін еске алды
Бүгін 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі саласында 10 жылдан аса қызмет еткен әділет майоры Асқарұлы Оралды еске алуға арналған футболдан турнир өтті. Шараға ҚАЖ департаменті мекемелерінен құралған 3 команда және 5547 әскери бөлімінің командасы қатысты.
Сондай-ақ шараға Орал әріптесімізді дүниеге әкелген ата-анасы Асқар ағамыз бен Несібелі апамыз, балалары мен туған туысқандары және ҚАЖ қызметкерлері қатысты.
Шараға қатысушылар марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан соң Департамент бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы Асқарұлы Оралдың тұлғалық өмір жолдарына қысқаша тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұзақ жылдар қызметте болған әріптестері де марқұмды сағынышпен еске алды.
Асқарұлы Оралдың туған-туыстарының демеушілігімен ұйымдастырылған шарада 5 команда бақ сынады. Жарыс нәтижесімен тартысты өткен кездесуде 5547 әскери бөлімінің командасы І орынды қанжығаларына байлады. ІІ және ІІІ орында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен ЗК-169/5 мекемесінің командалары өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.
Шара аясында Оралдай арда азаматты тәрбиелеп өсірген ата-анасына ҚАЖ департаменті тарапынан құрмет көрсетіліп, әкесі Асқар ағамызға «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі табысталып, ата-анасының иығына шапан жабылды.
Іс-шара соңында Асқарұлы Оралдың рухына құран бағышталып, еске алу турнирін өткізіп, құрмет көрсеткені үшін Асқарұлы Оралдың ата-анасы, туған туыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы Шаймерден Тәжіқұлына алғысын білдірді.
Орал Асқарұлы, 1978 жылдың 25- желтоқсанында Қызылорда қаласында дүниеге келді, 1999-2003 жылдары Қызылорда қаласындағы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін заңгер мамандығы бойынша тамамдаған. Өзінің еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде бастап, әр жылдары осы мекемеде басқа да салаларында қызметтерін атқарып, Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы лауазымына дейін көтерілген. Ағамыз өзінің саналы ғұмырын Қылмыстық атқару жүйесіне арнаған. Темірдей тәртіппен қаталдықты талап ететін ҚАЖ саласында қажырлы еңбек ете білді. Бұл еңбек еткен жылдары антына адалдығын көрсетіп, жүктелген міндеттерін мінсіз атқара білді.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]