Департамент бастығы марқұм болған ҚАЖ қызметкерінің анасына "Офицердің анасы" медалін тақты.
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Есенкелдиев 10 жылдан аса ҚАЖ саласында қызмет еткен, 37 жасқа қараған шағында дүниеден өткен әділет майоры Орал Асқарұлының ата-анасына арнайы барып, анасын құттықтап "Офицердің анасы" медалін тақты.
" 10жылдан аса ҚАЖ саласында өзінің білімділігін,жігерлігін,біліктілігін көрсетіп, түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет еткен Орал Асқарұлының ата-анасына құрмет көрсетіп, елдің азаматы етіп тәрбиелеген Несібелі апамызға жылы лебізімізді білдіріп, алғысымызды айттық. Оралдың есімі әлі де ұмытылмағанын білдіру еді"- деді Шаймерден Тәжіқұлұлы.
Марқұм ұлым артық сөзі жоқ адамдарға көмектесуге, әріптестеріне қол ұшын созуға дайын тұратын еді.Әрине баламның өмірден ерте кетіп қалғаны жаныма батады. Оралдың арманы көп еді.Орнында бар оңалар демекші, екі ұлы да ер жетіп келеді. Сіздерді көріп балам келгендей қуандым, төбем көкке бір елі жетпей қалды деп анасы көзіне жас алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]