Маңғыстау облысындағы жұмыссыз азаматтарды «Татнефть»  компаниясына жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі

Маңғыстау облысындағы жұмыссыз азаматтарды «Татнефть» компаниясына жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің қызметін жүргізетін өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен және «Татнефть» ЖАҚ-пен бірлесіп, аймақтағы жұмыссыз азаматтарды Татарстан Республикасындағы Татнефть жобаларына еңбекке тарту жөніндегі жұмысын жалғастыруда.

Татнефть өкілдері Маңғыстау өңірінің, соның ішінде Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді Жиналғандарға бос орындар туралы айтылып, еңбек жағдайлары түсіндірілді.

Татнефть компаниясы 500-ге тарта адамды жұмыспен қамтуға дайын, соның ішінде ұңғымаларды пайдалану және барлау, күрделі жөндеу бұрғышылары, бұрғышының көмекшілері, машинист, слесарь, электр дәнекерлеуші, көлік жүргізуші және басқа да мамандарды жұмысқа қабылдайды.

Сонымен қатар Татнефть компаниясы Орал және Ақтөбе қалаларынан жұмыс орнына дейін көлікпен жеткізеді, жатақхана береді, қажетті оқыту және қайта оқыту жүргізеді.

Жұмысшыларға вахта әдісімен жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады. Бұл ретте жұмысшыларға лайықты жалақы да төленеді. Айталық, ұңғыманы бұрғылау және күрделі жөндеу саласындағы орташа еңбекақы 78,5 мың рубль, механикалық жабдықты жөндеу саласында – 52,5 мың рубль, ал көлік жүргізушілердің жалақысы 55 мың рубльді құрайды. Орташа жалақы көлемінде вахтада болатын кезеңдегі және вахтааралық демалысқа берілетін жалақы қоса есептелген.

Бүгінде Маңғыстау облысына қарасты аудандар мен қалалардан 500-ден аса үміткер өтініш берді. Оның 178 адамы іріктеуден өтті.

Жұмыссыз азаматтардан өтініш қабылдау әлі де жалғасуда. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген ақпараты бойынша тағы 170 адам жұмыс орналасуға ниет білдірді. Енді шілде айының ортасында үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңі өтеді.

Татнефть өкілдері үміткерлерді іріктеу және тестілеуді Ақтау қаласында өткізеді.

Бұл ұлттық компанияның өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бағытындағы жалғыз бастамасы емес екенін айта кету керек. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұлттық компанияның қатысуымен өңірде 425 млрд теңге сомасына есептелген 22 жоба мен іс-шара жоспарланған. Бұл кәсіпорындар тобы мен олардың мердігер ұйымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды қаржыландыру шараларын қамтиды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.