ҚазМұнайГаз: Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт жойылды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

ҚазМұнайГаз: Қазақ газ өңдеу зауытындағы өрт жойылды, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

 

Маусымның 16-ы күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 23:15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының ауа тоңазытқышында өрт шықты.

Өрттің таралуын және қайта тұтануын болдырмау мақсатында газ беру тоқтатылып, қондырғыны толығымен апаттық тоқтату жүзеге асырылды.

Өрт сағат 23:52-де толықтай жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық ТЖД 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Зауыт қызметкерлерінің, Жаңаөзен қаласы мен жақын маңда орналасқан елді мекендер тұрғындарының өмірі мен денсаулығы үшін қауіп жоқ. Өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себептері анықталуда.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да Басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб жұмыс істеуде. Жедел штаб құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның тігінен интеграцияланған жетекші компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттің мүддесін қорғайды.

ҚМГ-ның негізгі активтері:

Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) - 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) - 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) - 100%, ҚазМұнайТеңіз - 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) - 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) - 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) - 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) - 50%, ПетроҚазақстан (ПҚИ) - 33%, Теңізшевройл (ТШО) - 20%, Қарашығанақ (ҚПО) - 10%, Қашаган – 8,44%. 

Мұнай мен газ тасымалдау, газ маркетингі: ҚазТрансОйл - 90%, Қазақстан-Қытай құбыры (ҚҚҚ) - 50%, МұнайТас - 51%, Batumi Oil Terminal - 100%, Каспий Құбыр Консорциумы - 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты - 100%, ҚазТрансГаз - 100%, Интергаз Орталық Азия - 100% , Азия Газ Құбыры - 50%, ҚазТрансГаз Аймақ - 100%, Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры - 50%, ҚазРосГаз - 50%.

Өңдеу: ПМХЗ - 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International - 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.