Жамбылдық полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болып қайтты.
Полиция департаменті өз тарапынан ұзақ жылдар бойы оларға қолдау көрсетіп, көңіл бөліп, осы орталықты өз қамқорлығына алған болатын.Тәртіп сақшылары балаларды мерекелерімен құттықтап, түрлі сыйлықтар табыс етті.
Полиция қызметкерлерінің назарына орталықтың жас әртістері ұйымдастырған мерекелік концерт ұсынылды.
Бауыржан Арынұлы, өз кезегінде, барлық балаларға жазғы демалыс мезгілін жақсы өткізулерін, бақытты, шуақты күндер және барлық арман-тілектерінің жүзеге асуына тілектестігін білдірді.
[xfvalue_img]