2 маусымда Нұр-Сұлтанда Eco Jas экологиялық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді
2 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мұражайында Ұлттық волонтерлер желісі (ҰВЖ) «Шеврон» компаниясымен серіктестікте іске асыратын Eco Jas экологиялық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Марапаттау рәсімі барысында 9-11 сынып оқушыларынан тұратын жобалық топтар оқытушыларымен бірге қазылар алқасының алдында өз жұмыстарын қорғайтын болады. Жеңімпаздарға өз жобаларын жүзеге асыру үшін гранттар берілетін болады.
Eco Jas жобасы 2022 жылдың басында бастау алды. Оның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық саналы әдеттерін қалыптастыру, білім беру ұйымдарының оң тәжірибелер арқылы «жасыл мектептер» тұжырымдамасына көшуіне ықпал ету. Жобаға екі облыс – Ақмола (Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалалары) және Қарағанды (Қарағанды және Теміртау қалалары) қатысты.
5-8 сынып оқушылары суреттер мен әңгімелердің шығармашылық байқауларына, экологиялық тақырыптағы үстел ойындарын әзірлеуге, әлеуметтік желілерде видео түсіріп, экочеллендждерді ұйымдастыруға қатысты.
Іс-шара бағдарламасы:
9:30 – 10: 00 – Тіркеудің басталуы
10:00 – 16:30 – Жобаларды қорғау (түскі асқа үзіліспен бірге)
17:00 – Марапаттау рәсімі
Өтетін орны:
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы мұражайы, Бөкейхан көшесі 1а (жаңа ғимарат).
Байқау комиссиясы:
- Татьяна Миронюк - ҚР Президенті жанындағы «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету» бағытында жұмыс істейтін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі.
- Лейла Айтмұханова – «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі
- Мадияр Қожахмет - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
- Дамира Жүнісова - Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері
[xfvalue_img]
21 пікір