27.05.2022 жылы Алматыда «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы «Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

27.05.2022 жылы Алматыда «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы «Референдум – ауқымды реформалардың бастауы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді.

Кездесуді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДПП Төрағасы Әли Бектаев құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараға аграрлық ғылым өкілдері: «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС, «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ» ЖШС, «АӨК және ААД экономикасы ҚазҒЗИ» ЖШС, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, «У.Успанов атындағы Топырақтану және агрохимия Қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және басқа да ғылыми мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Әли Әбдікәрімұлы өз сөзінде ауыл шаруашылығы бүкіл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін экономиканың өмірлік маңызды салаларының бірі болып табылатынын атап өтті. «Еліміздің аграрлық секторы бүгінде 5000-нан астам адам еңбек ететін 38 ғылыми, ғылыми-өндірістік, сервистік және білім беру ұйымдарын құрайды. Бұл – ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын адамдардың үлкен кластері. Ғылыми интеллигенция әрқашан инновациялық идеялардың қозғаушы күші болып келеді. Ғалымдардың елде болып жатқан оқиғаларға ерекше призма арқылы қарайтыны құпия емес. Сондықтан ел үшін осындай елеулі оқиғаны өткізуде жетекші ғалым-аграршылардың қолдауы аса маңызды. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың мемлекеттің негізгі заңына түзетулер енгізу туралы шешімінің дер кезінде қолға алынғанын және өзектілігін атап өткіміз келеді».

Сондай-ақ, Әли Бектаев қатысушыларға елдің Негізгі Заңына енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, фермерлер үшін референдумға да, мемлекет өміріне де белсенді қатысудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Өз кезегінде, ғылыми зиялы қауым өкілдері референдум өткізуді, сондай-ақ ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу қажеттігін бірауыздан қолдады. Сонымен қатар, олар аграрлық ғылымның қазіргі кездегі қиыншылықтары туралы айтып, ғылымды дамытуға бөлінетін қаражаттың жетіспеуіне тоқталды.

  • Құрылған сәтінен бастап «Ауыл» партиясын әр азамат үшін күн сайынғы және өзекті мәселе: тұрақты табыс, сапалы медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, құқықтар мен бостандықтарды қорғау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жәйі үнемі алаңдатады, – деді өз сөзінде Ұлттық академияның академигі, профессор, «Ауыл» партиясының мүшесі Сейтқазы Кешуов. – Сондықтан, өз қатарына ел болашағы үшін шынайы қуана білетін адамдарды біріктірген, Қазақстан Республикасы азаматтарының алдындағы жауапкершілікті жан-дүниесімен сезіне отырып, Мемлекет басшысының саяси бағыты мен референдум өткізу бастамасын толық қолдайтын партия болып саналамыз.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Конституциясына енгізу жоспарланған барлық толықтырулар мен түзетулерді оң қабылдады. Әли Бектаев кездесу жұмысын: «Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам», – деп түйіндеді.

«Ауыл» ХДПП

Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.