ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА «ORDAGEN» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
«2022 жылы – Балалар жылы» аясында заманауи ертегілер арқылы ұлттық және рухани құндылықтарды жаңа технологиялар форматына икемдеп, балаларға аңыздар мен ертегілер арқылы рухани тәрбие беру мақсатында «OrdaGen» балаларға арналған ертегілер жобасы іске асырылуда. Жоба аясында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен балаларға арналған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баяндады. Ол Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебімен бірлесе биылғы «Балалар жылына», қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты еске алу кешін өткізгендігін жеткізді.
«Іс-шараға М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары және «Болашақ» мектеп-интернатының тұрақты оқырмандары қатысты. Сондай-ақ, арнайы кітапханада зағип және нашар көретін жандарды қоғам көшінен кеш қалдырмау, халқымыздың рухани және мәдени мұраларын қастерлеп, жаңғырту үшін «Шебердің қолы алтын» атты тифло-тігін жобасы жүзеге асты», - деді спикер.
Қазіргі уақытта өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігінің шыңдалып, танылуына мүмкіндік жасау мақсатында «Жаңа Есім -2022» жобасы облыстың аудандарында өтуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір