Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешудің бірегей технологиясын ұсынды

Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешудің бірегей технологиясын ұсынды

Бірегей ғылыми әзірлеменің таныстырылымы Expo 2020 Dubai көрмесі аясында өтті. Әзірлеушілер алгоритмнің тиімділігін COVID-19 анықтау есептің мысалында тексерді.

Қазақстандық ғалымдар жеті «мыңжылдық есебінің» ішінде екіншісін - P және NP кластарының теңдігі мәселесінің ықтимал шешімін тапты. Оның мәні келесіде: егер қандай да бір сұраққа дұрыс жауапты тез тексеруге болатын болса, онда бұл сұрақтың жауабын тез табу мүмкін бе?

Бұл заманауи информатиканың ең күрделі мәселесі және оның шешімі кез-келген деректерді компьютерлік өңдеу процестерінің принциптері мен жылдамдығын түбегейлі өзгерте алады.

Осы уақытқа дейін әйгілі Клэй институты тұжырымдаған математикадағы ең маңызды классикалық мәселелердің ішінен тек Пункаренің гипотезасы шешілді. Осы мәселелердің әрқайсысын шешуі үшін институт $1 млн сыйақы тағайындады.

Жаңа әзірлеме бүкіл әлемдік қауымдастық үшін алға басқан үлкен қадамды білдіруі мүмкін: зерттеушілер дереу өз жұмысының нәтижелерін практикалық қолдануды ұсынды.

Осылайша, ғылыми зерттеулердің 4 жылдық жұмыс қорытындысы бойынша ғалымдар NP-толық есепті шешудің полиномиалдық алгоритмін жасады. Бұл компьютерлік код, оның көмегімен кез-келген нақты әдістерге қарағанда деректерді талдаудың сенімді нәтижелерін алуға болады.

Бұл ғылыми жаңалық қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, «Буран» ғарыш кемесінің борттық басқаруының автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілердің бірі Бахтгерей Синчевтің басшылығымен жасалды. Жобаны іске асырудағы негізгі тұлғалар тәуекелдерді бағалау және басқару саласындағы маман, New Aeon IT-компаниясының директоры Жанна Ақжанова және Б.Синчевтің ұлы, Ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшы Асқар Синчев болды.

Әзірлеушілердің пікірінше, алгоритм кез-келген әдістерге , сондай-ақ кейбір жуық алгоритмдерге қарағанда дәл нәтиже бере алады. Осылайша, үлкен уақыт пен материалдық ресурстарды қажет ететін компьютерлік модельдеу саласындағы барлық міндеттерді тезірек орындауға болады.  

Ғалымдар мамандандырылған Kaggle.com порталында орналастырылған мысалда технологияның әрекет ету механикасын және оның тиімділігін коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша конкурстық міндеттер аясында тексерді. Қазақстандық команда ресурста ұсынылған үздік алгоритмге қарағанда 10 есе жылдам шешім таба алды.

Осылайша, инновацияны қолдану COVID-19 анықтау әдісін бірдей енгізу деректерімен (2 миллиард жазба) жеделдетуге мүмкіндік берді.

Экономиканың барлық салаларында практикалық қолдана отырып, технология бүкіл адамзаттың болашағын өзгерте алады. Технологияларды интеграциялау үшін мүмкіндіктердің кең спектрін әзірлеушілер логистика, генетика, криптография, шифрлау, онлайн-брондау, іздеу жүйелерін құру, сондай-ақ дәрілік препараттарды әзірлеу сияқты салаларда бүгінде көріп отыр.

Сонымен, медицина мен генетикада тиімді дәрі-дәрмектерді ең аз жанама әсерлермен тезірек жасауға болады. Мұндай зерттеулердің мерзімі сәтті даму пайызын арттыра отырып, ондаған жылдардан бірнеше айға дейін қысқаруы мүмкін.

Тағы бір мысал - Қазақстанда жасалған алгоритмнің көмегімен жүк тасымалдайтын көлік құралдары 100% дәлдікпен толтырылуы мүмкін деген болжам бар. Алдын ала бағалаулар бойынша, бұл 161 ірі логистикалық компанияның нарықтық капиталдандыруын $ 500 млрд-тан астамға арттыруы мүмкін.

«Нәтижесінде, егер қазақстандық ғалымдардың шешімі әлемде өз қолданысын тапса, интернет арқылы алынатын кез келген қызметтер біздің әрқайсымыз үшін жаңа тараптан ашылады. Мысалы, онлайн-брондау барысында технология тұтынушылар үшін мүмкіндіктердің кең таңдауын қамтамасыз етеді, сонымен бірге бағаның төмендеуін, ыңғайлы маршруттарды және ұшудың барынша қолайлы ұзақтығын да қамтамасыз етеді. Осылайша, тіпті әуе билеттерін іздеудің қарапайым қосымшасы барлық мүмкін нұсқаларды өңдеудің керемет жылдамдығымен таң қалдырады», - New Aeon компаниясының бас директоры Жанна Ақжанова атап өтті.

Қазіргі уақытта әлемдік онкология Институттарының бірінің сарапшыларымен алгоритмді қолдану туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ жоба авторлары әзірленген технологияға патенттер алды (USPTO патенттерін қоса алғанда), мамандандырылған журналдарда ғылыми мақалалар жариялады.

Алгоритмнің тұсаукесері Expo 2020 Dubai шеңберінде ҚР Ұлттық павильонының алаңында өтті. Іс-шараны танымал қазақстандық кинематографшы Санжар Мәди жүргізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.