ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қаңтардың қайғылы оқиғаларына байланысты екінші үндеу жасады
2022 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты БАҚ-қа үндеу жасады.
Бұл Уәкілдің аталған оқиғалар мен қабылданып жатқан шараларға байланысты адам құқықтарын сақтау жөніндегі жағдайды баяндайтын екінші үндеуі. Біріншісі 2022 жылдың 13 қаңтарында жасалды. Эльвира Әзімованың айтуынша, азаматтардың заң бұзушылықтар туралы, соның ішінде қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде және оның нәтижесінде ұсталғандар мен тұтқындалғандарға қатысты өтініштер әлі де түсуде.
13-24 қаңтар аралығында азаптаулар мен қатыгездікпен қараудың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік топтары Қазақстанның 16 өңіріндегі тергеу изоляторларын, уақытша ұстау изоляторларын қоса алғанда, 81 жабық мекемеге барып, тәуелсіз мониторинг жүргізді.
«Тәуелсіз мониторинг әлі де жалғасады. Сонымен қатар, мен азаматтардың адам құқықтарын бұзу туралы 39 өтінішін алдым, оның ішінде 20-ы қатыгез қарым-қатынас туралы. 2022 жылғы 25 қаңтарда Бас прокуратура өкілдері прокуратура органдарына тергеудің рұқсат етілмеген әдістері және құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын бұзу туралы 109 шағым түскенін хабарлады.
Тексеру нәтижесінде 21 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде тек біреуін арнайы прокурорлар, ал қалған 20-сын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тергеп жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы қоңыраулар мен хабарламалар келіп түсуде», - деді Уәкіл. Ол атап өткендей, адамдар құқықтық немесе психологиялық кеңес беру, әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш білдіреді.
Эльвира Әзімова сондай-ақ соттар мен тергеушілер істерді қарау кезінде тергеу кезеңінде азаматтардың адвокаттарға қол жетімділігін, медициналық көмекті, сондай-ақ олардың құқықтары мен басқа да іс жүргізу кепілдіктерін сақтауды мұқият анықтауы тиіс екенін атап өтті.
«Қысыммен алынған барлық дәлелдер жарамсыз. Біз құқықтарды бұзу туралы өтінішпен жүгінгендердің қайта виктимизациясына жол бермеуіміз керек», - деді Э.Әзімова.
Бұған дейін, Бас прокуратураның 25 қаңтардағы хабарламасында сәйкес қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік істің қаралғаны туралы хабарланған болатын. Олардың жартысына жуығы еш жаза қолданбай қаралды - 4 584 адамға сот ескерту жасады.
Осыған байланысты Э.Әзімова прокурорлардың азаматтардың жеке басын және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, әкімшілік жаза қолдану туралы бұрын шығарылған сот шешімдеріне шағымдану жөніндегі жұмысын құптады, олардың арасында зейнеткерлер, жұмыссыздар және азаматтардың басқа да әлеуметтік осал санаттары бар.
«Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуына байланысты қылмыстық қудалау орбитасында алғаш рет енген азаматтарға қатысты ауырлық дәрежесін ғана емес, олардың жеке басын, шын жүректен өкінетінін ескеруіңізді сұраймын. Кінәсін дәлелдеген жағдайда, бас бостандығынан айыруға балама қылмыстық жазалау шараларын қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймын», - деді Э.Әзімова.
Өтініштің толық мәтіні ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/258273?lang=kk
[xfvalue_img]
30 пікір