Ақылды үйге қажетті тауарлар сатылымы 12 есеге өсті: қазақстандықтар тұрмысын қалай жайландырады

Ақылды үйге қажетті тауарлар сатылымы 12 есеге өсті: қазақстандықтар тұрмысын қалай жайландырады

Адам өз өміріне қажетті кеңістікті өзі жасайды, ал ол, өз кезегінде, адамды өзгертеді. Егер үйде демалу мен дамуға жеткілікті орын болса, эмоционалдық жағдай жақсарады. 

AliExpress командасы қазақстандықтардың өз тұрмысын жайлы қыла түсу үшін не жасайтынын анықтады. Сонымен, 2021 жылғы желтоқсан айының қорытындылары бойынша, Қазақстан тұрғындары ақылды үйге қажетті әртүрлі элементтерді өткен жылғымен салыстырғанда 12 есеге жиі сатып алатын болған. 

Бұл санатта көш бастап тұрған оралатын перделерге арналған жетектер, олар аталған перделерді дауыспен басқару станциясының көмегімен ашып-жабуға мүмкіндік береді. 

Жылыту және желдету жүйелерін жөндеуге және жетілдіруге қажетті қосалқы бөлшектер сатылымы 10 есеге артқан, олардың арасында ең танымалы жылы едендерге арналған қашықтықтан басқарылатын термостаттар болып отыр.

Үй текстилі өткен жылмен салыстырғанда 8,6 есе көбірек сатып алынған. Бұл санаттағы ең сұранысқа ие болған тауарлар – дивандар мен креслоларды ластанудан сақтауға мүмкіндік беретін тыстар, дене пішінін есте сақтайтын ортопедиялық жастықтар, сондай-ақ ылғалды өткізбейтін резеңкелі матрас тыстары. 

Жайлылық туғызуға қажетті жарық беру құралдары да тұрмысты жайлы ететін тауарлар тізіміне кіріп, олардың сатылымы 4,5 есеге өскен. Фавориттер тізімінде абажурлар  мен  торшерлар, сондай-ақ баспалдақтарды, ас бөлмедегі немесе кабинеттегі жұмыс аумақтарын жарықтандыруға арналған сымсыз жарықдиодты таспалар бар. 

Тұрмыстық міндеттерді жеңілдететін ақылды девайстар мен гаджеттер де көш бастап тұр – олардың сатылымы 2 есеге артқан, ал ең танымал тауарлар ақылды сөндіргіштер, электрлі штопорлар, теріні тазалауға арналған ультрадыбыстық құралдар болып шықты. 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.