Қазақстандықтар Жаңа жылды қарсы алуға қалай дайындалуда және не сыйлауды жоспарлауда?

Қазақстандықтар Жаңа жылды қарсы алуға қалай дайындалуда және не сыйлауды жоспарлауда?

 

Жылдың ең басты түні таяп қалды, көптеген қазақстандықтар әлден жаңа жылдық көңіл күйді сезінуде, әрі мерекеге белсенді түрде дайындалуда.

Кейбір жандар жақындарына сыйлық алуда, кейбірі мерекелік сәнді киім ойластырса, ал кейбіреулері пәтерлерін жаңа жылдық атрибуттармен безендіруде. AliExpress ұжымы қазақстандықтар арасында қандай тауарларға сұраныс жоғары екендігін, әрі сатып алу трендтері қалай өзгергендігін анықтап көрді. 

Жаңа жыл қарсаңында халық көбінесе мерекелік мәні бар аксессуарлар мен әшекейлерді: бұғы мүйізді, шыршаның бұтағындай, шырша бүршікті және қоңыраулы шаш қыстырғыштар, рождестволық стильдегі түйреуіштер (танамоншақ), ақшақары және Санта Клаусы бар көзілдіріктер жиектемелерін - көптеп сатып алуда, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын бұл тауарлардың сатылымы өткен жылмен салыстырғанда осы жылы 40 есеге артқан.    

Жылдың ең басты күтілетін түнінде киімдер арасынан ең танымал элемент ретінде трендтегі ашық түстегі және ерекше жағалы, сәнді анималистік принттегі, ассиметриялы, кербез атластық және корсеттік әйелдердің сәнді жейделері танылды. Олардың сатылымы 2021 жылы 29 есеге өскен.

Қазақстандықтар үйді безендіруді де ұмытпаған: мерекелік дастарханды жабдықтауға және үй декорына арналған тауарларға сұраныс 18 есеге өскен, ал сатып алулардың ең танымалдары: кәмпитке арналған әдемі вазалар, шампанға арналған фужерлерді безендіретін әшекейлер, шарап бөтелкелеріне арналған рождестволық тондар, жаңа жылдық үлгідегі светодиодты шамдар, шамдалдар және рождестволық гүлдестелер.

Қазақстан тұрғындары бір-біріне не сыйламақ?

Статистикалық зерттеулер көрсеткендей, жаңа жыл алдындағы ең танымал сатып алулар ретінде балаларға арналған сыйлықтар танылған: балаларға арналған конструкторлар жинағы (сатылым 22 есеге артқан), ерекше, әрі қызықты формадағы антистресс-ойыншықтар (сатылым 8 есеге өскен), мысалы, поп-ит кіріктірілген бұғы түріндегі балалар сөмкесі, басқан кезде ағаш қуысынан қызық аң мүсіні шығатын ойыншық және басқан кезде формасын жоғалтпайтын жұмсақ резина понилер .

Ас үйге арналған құралдардың сатылымы 7 есеге артқан, мысалы үй жағдайында кеспе даярлайтын машиналар, блендерлер  және кофемашиналар.

Ерлерге арналған сәнді кроссовкалар сатылымы 6 есеге артқан. Электроника мен гаджеттер: құлаққаптар, смарт-сағаттар, сымсыз колонкалар сатылымы 4 есеге өскен.

Жаңа ерекше тренд ретінде -  сәттілік қорабы деп аталатын өзіңе өзің сыйлық жасау тренді танылды. Қорап ішінде кез-келген гаджет, мысалы робот шаңсорғыш, смарт-сағаттар, сымсыз колонка, тіпті ноутбук болуы мүмкін.   

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.