«Омикронның» бетін қайтарайық
3-ші жылға созылған «COVID-19» короновирус индеті дүниежүзі мемлекеттері мен халықтарын әлі де ғаламат әлекке салып, миллиондаған адамдардың өлімі мен қатар экономикалық дағдарысқа тіреп, бастарын көтеріп, бойларын жазуға мұрша бермей келеді. Оның беті қашан қайтады деген үмітте болып келе жатқан титықтаған халықты тағысын-тағы штаммдарымен үрейлеп, енді тіпті зәре-құтын қашырған пандемияның жаңа аса жедел тарайтын қауіпті түрі «омикрон» алғашында Оңтүстік Африка республикасында анықталып - бір аптада 26 мемлекетке тарап үлгерген, осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ-ВОЗ) дабыл қағып, әлем мемлекеттеріне жедел түрде шектеулер шараларын қолға алыуды ұсынып отыр. «Омикрон» - ның басқа да қауіптілігімен қоса оның тіпті 32 мутациясы белең алған. Омикронға шалдыққан адамның күрт әлсіреуі бұл індет түрінің ең басты сипаты болып саналады екен. Өйткені, оның адам жүйкесіне әсері аса басым екендігі анықталған. Сонымен, ғалымдардың болжауы бойынша қазіргі таңда «омикрон»-нан төніп тұрған қауіп зор.
Ал, короновируспен күрестің ахуалы қандай? Әрине, 100 пайыз өте жақсы деуге тіліміз бармайды. Өкінішке орай, онымен ауырғандар саны мен адам шығынының беті қайтпай тұр. Оның себптері неде? Әуелі, көзге бірден шалынатын жағдайттардан бастайық. Халық нақылы бойынша «Әр пенде үш күн өте тозаққа да үйренеді». Әрине, жаратқан тозақтан сақтасын. Бірақ, осы коронавирус індеті басымызға әлі төніп тұрғанына қарамай, оған жұрттың көбісінің «бойы үйреніп, ойы түрленіп» сақтықты ұмытып кеткендері анық. Араларында бас сауғалап, «үрейі қашып, бұғып-сасып» жүргендер тіпті жоқ. Оған мысалдар айдан анық. Мен бірнеше қоғамдық көлікке, автобустарға жиі отырып, мынадай көрініске куә болып келемін. Жүргінші, жолаушылардың 90 пайызының бетперделері(маскалары) жоқ. Ал оларды кидік дегендерінің дұрыс пайдаланғандары да шамалы. Олармен мұрындарын қапсырып жаппай, тек ауыздарын ғана қамтыған. Ал, вирустардың адамның ағзасына бойлауы осы мұрын саңлауларынан басталатыны кімге болсын белгілі болуы керек. Сонда, қазіргі қаулап кеткен аса қауіпті коронвирус индеті мен оның жаңа штаммдары «дельта, омикрон» және тағысын-тағы түрлерінен келетіп пәлелерге жұрттың басым көпшілігі немқұрайлы қарауында болып тұр. Олар өздерінің қауіпсіздігін ойламаса да ата-анасы, туған-туыс, жақын-жуық жекжаттары мен достары, тіпті қандай да болмасын қазақстандықтарды, шет мемлекеттерден келген меймандарды ойлауы керек емес пе?! Осыны санаға салу абзал. Бірақ, күмәніміз басым. Сондықтан, короновирус пен оның штаммдарының алапат екпінін тежеу үшін біздің Елде қандай шаралар тиімді болар еді? Осыған орай, қазіргі таңда уақтты оздырмайтын ең қажеттісі - Республикамызда төтенше түрде «COVID-19 және оның штаммдарымен дәйекті түрде күресу шаралары» атаулы Заң қауырт түрде қабылдануы жағдай талабы. Осы бағытта, қазіргі шақта қабылданып жатқан ережелерге қарағанда, Заңның құзіреті әлдеқайда жоғары және құқықтық пәрмені өте зор. Заңды азаматтар құрметтейді, оның талаптарын мүлтіксіз орындауға тырысады. Бұндай Заң қабылданып, күнделікті қолданысқа енбей, игілікті іс алға баса қоймайді деуге болады. Осы Заңда жан-жақты түрде короновирус индеті қауіпі, оның зардабы, әр саладағы лауазымды қызметкерлер мен жеке азаматтардың міндеттері және олардың қатаң жауапкершіліктері қаралауы тиіс. Сонымен қоса, қазірдің өзінде, аталған індеттің бетін қайтарудың бірден - бір тиімді шарты - онымен күрсестің ережелерін бұлжытпай орындалу барысын күнделікті бақылау мен қадағалауды күшейту керек.
Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-публицист
[xfvalue_img]