«30 ЖҰЛДЫЗДЫ КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨКШЕТАУДА «ЕЛІМНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ» ПОДИУМ-ФОТОКӨРМЕCІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Көкшетау қаласының тарихы музейінің қызметкерлері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің Тәуелсіздік жолы» атты фотокөрме-подиум ұйымдастырды.
Еліміздің мерейлі мерекесіне орай Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы жариялаған «30 жұлдызды күн» іс-шаралар шеруі аясындағы көрмеде көпшілік назарына қос ғасырлық тарихы бар Көкшетаудың өткені мен бүгінінен, туған өлкеміздің соңғы 30 жылдағы жетістіктерінен сыр шертетін 50-ден астам фотосуреттер ұсынылды.
Көрме көрермендері викториналық ойынға қатысып, туған өлкеміздің тарихына байланысты сұрақтарға дұрыс жауап берген белсенді қатысушылар Музей атынан естелік сыйлықтарға ие болды.
Танымдық фотокөрмені жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары 14-ші желтоқсанға дейін тамашалай алады.
[xfvalue_img]