Масаң күйде көлік айдап, бас бостандығымнан айырылдым

Масаң күйде көлік айдап, бас бостандығымнан айырылдым

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абайсызда қылмыс  жасаған азаматтар жазасын өтейді.  Мекемеде жазасын өтеп жүрген Бауыржан  есімді азаматпен сұхбаттасудың сәті түсті. Ол Қазақстан Республикасының ҚК-тің 346-бабы бойынша  (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) алты айға бас бостандығынан айырылған. Бауыржан 2019 жылы  автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айырылған екен. Алайда, бұл оған тоқтау салмапты. Ол тағы да масаң күйде көлік жүргізген. Жуырда мекемеге жазасын өтеуге келген Бауыржан  болған жайдың себебін бүге-шүгесіне дейін баяндап берді.

Жолдастарымен бірге түнімен той –тойлап, таңертең  көлігіме отырып, жолға шықтым. Қызылорда қаласынан бірнеше шақырым жерде  тұратын досымың үйіне бармақшы болдым. Түнімен жолдастарыммен тойлағаным бар, демалып та үлгермедім дейді сотталған. Жолда жүк көлігіне соқтым.

Полиция қызметкерлерімен масаңдық дәрежесін  тексеру үшін наркология орталығына апарды. Медициналық куәландыру алкогольді орташа масаң күйде болғанымды  көрсетті. Сот үкімімен өмір бақи көлік жүргізу құқығымнан айырылып, 6 айға  бас бостандығынан айырылдым. Заңды белшесінен басып, жүргізу құқығынан айрылсам да масаң күйде көлікті басқарғаным өз қателегімнен дейді сотталған азамат.

Ішімдіктің кесірінен өз тағдырыма өзім балта шауып, бостандықтың қадірін түсінбей,  жолымнан адастым. Өмір бойына көлік жүргізу құқығымнан айырылғанымды біле тұрып,  ішімдіктің кесірінен қайта көлік тізігіне отырғаным өзегімді өртейді. Әжептеуір жұмысым да бар еді. Көлік жөндеу орталығында бұзылған көліктерді қалпына келтіріп жөндейтін едім. Отбасылымын, 2 балам бар. Маған бұл үлкен сабақ болды, бостандықтың қадірін түсінбедім,қандай жағдай болсын заң талаптарын сақтау керек деп есептеймін. Менің қателігімді басқа адам қайталамаса екен , масаң күйде  көлік тізгінін басқару өз өміріңді де басқа адамдарың өміріне де зиянын тигізеді. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»- демекші, адам баласының  шалыс басу, қателесуі бір –ақ сәт.  Қателігімізден сабақ ала отырып, біз одан әрі дамимыз деп әңгімесін аяқтады сотталған азамат.

Мекеме бастығының орынбасары Қанат Дайрабаевтың айтуынша  Қазақстан Республикасының ҚК-тің 346-бабы бойынша  20-ға жуық  азамат жазасын өтейді.

Мекемеге жаза мерзімін өтеуге келген әрбір азаматпен мекеме қызметкерлері тәрбие жұмыстарын жүргізіп, жұмыспен қамтып, қоғамға дұрыс толыққанды азамат болып, тез сіңісіп кетуі үшін тұрақты түрде жұмыстар жүргізеді. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.