Сотталғандарды тәрбиелеуде жасақ бастықтарының жемісті жұмысы

Сотталғандарды тәрбиелеуде жасақ бастықтарының жемісті жұмысы

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде аяғын шалыс басып, темір торға түскен жандардың барлығын қалыпты өмірге қайта оралуы үшін олармен жүргізілетін тәрбие жұмысына айрықша назар аударылып отыр. Өйткені адамның түзелу жолына түсуі, қоғамға толыққанды адам ретінде қайтарылуы олармен жүргізілетін осы тәрбие жұмыстарының пәрменділігіне байланысты. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде мекеме қызметкерлері  оның ішінде жасақ бастығы, психолог, теолог,  тәрбие бөлімінің мамандары  сотталғандарды тәрбиелеу ісіне бір кісідей жұмылып, бірігіп, жұмыс істейді. Жасақ бастығы-  өз тобындағы сотталғандардың тәртібіне баса назар аударып, тәрбиелік, профилактикалық бағытта дәрістер оқып, сұхбаттар жүргізеді. Түзеу мекемесінде  жасақ бастығы білімі мен тәжірбиесіне сүйене отырып қызмет етуде. Сотталғандардың таңғы ұйқыдан тұруы, төсек орындарын жинап, жуынып-шайынуы, таңғы ас ішуі, өндіріс орнында жұмыс істейтіндер жұмыс орнына кетуі жасақ бастықтары қатаң қадағалауда ұстайды.  Міне, таңнан қара кешке дейін сотталғандарды қадағалап, тәрбиелеп, олардан талап пен тәртіпті  талап етеді. Осыдан –ақ олардың жұмыстарының қаншалықты жауапты, уақытының тығыз екендігін білуге болады. Жасақ бастықтары сотталғандардың сан сауалына жауап беріп, басшылықпен ақылдаса отырып,түйткілді мәселелердің түйінін шешіп, түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болады. Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының жасақ бастығы  әділет капитаны Бауыржан Сәметов  ЗК-169/4 мекемесінде 7 жылға жуық қызмет атқарып келе жатыр. Әділет капитаны Бауыржан Сәметовтың айтуынша әр мереке сайын мекеменің қоғамдық өміріне белсене қатысқан  жаза өтеушілерді марапаттан құр қалдырмай, оларды марапаттауға негіз болатын қосымша шаралар да ұйымдастырып отырады. Сонда олардың өздеріне деген сенімдері нығайып, бостандыққа деген құлшыныстары арта түседі дейді. Ағымдағы жылдың 6 айында  тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап, өнегелі мінез-құлқымен көзге түскен 72 сотталғанға көтермелеу шаралары қолданылған.

Біз жасақ бастығы болғаннан кейін өзімізге тапсырылған сотталғандарға жауап береміз. Мен өз жасағымдағы 80 сотталғанға жауап беремін. Өздерін мазалаған сұрақтарымен қабылдауда болады. Мейлінше оларға көмектесіп, жазасын өтешілердің тәртібін қарауға тырысамыз. Жаза басып жаңылған азаматтарды түзелу жолына түсіру, олардың өмірге деген көзқарастарын өзгеру біздің жұмысымыз. Олардың қоғамға толыққанды азамат болып оралуы біздің де жұмысымыздың нәтижесі »,-дейді жасақ бастығы әділет капитаны Бауыржан Сәметов.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.