Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында ЮНЭЙДС бастамалаған науқан біздің қаламызда «АИТВ: әрбірін түсіну» ұранымен өткізіледі. Науқан 15-25 қараша аралығында жүргізіледі.
Осы күндері қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Қазақ ұлттық өнер университеті және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен бірлесе отырып қала тұрғындарына инфекцияның алдын алу, тестілеу, емдеу және азаматтарға қызмет көрсету жолындағы іс-шараларды бірлесіп еңсеруге күш-жігерін салуда.
Әлемде ЖИТС-тың алғашқы жағдайлары тіркелгеннен бері қырық жыл өтсе де, бірақ АИТВ-инфекциясы әлі де жаһандық қауіп болып қалып отыр. ЖИТС-ті жою үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және құқықтық теңсіздікті мүмкіндігінше тез жою қажет.
Осы теңсіздікті жою біздер үшін ұзақ мерзімді жаһандық міндеттеме. Бүгінгі таңда біз үшін аса маңыздысы АИТВ-ның адам өміріне әсері туралы ақпаратты арттыру, стигма мен кемсітушілікті жою және АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесіне басымдық беру.
Науқан аясында қаламызда түрлі іс-шаралар өтетін болады.
Олардың көпшілігінің форматы - онлайн. Әлеуметтік желілерде АИТВ тақырыбына бей-жай қарамайтын әрбір адам қатыса алатын #ӘрбірінТүсіну #toHearEveryone хэштегімен челлендж өтеді. АИТВ-ның алдын алу бойынша жастарға арналған ойын-викторинасы бар форум, ал «Астана медициналық университетінің» студенттері арасында дебаттар өтеді. Елорданың ірі жоғары оқу орындарында АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша науқандар өткізіледі. Онлайн форматта тікелей эфирде Қазақ ұлттық өнер университетінің классикалық камералық музыкасының концерті ұйымдастырылады. Осы науқан барысында баспа басылымында, электронды БАҚ-та үздік жарияланым және үздік теле/радио материалы үшін журналистер арасындағы байқаудың қорытындысы жарияланады.
«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК ҰӘБ меңгерушісі Жанна Айтмаганбетқызы
[xfvalue_img]