Мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды

Мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылғы 1 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында республика аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы (әрі қарай – ЖПІШ) өткізілуде.

Аталған профилактикалық шара кезінде Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 08.06.2021 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы бойынша 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған В. есімді азамат мәжбүрлі еңбекті орындаудан қыркүйек айы бойы жалтарғаны үшін 13.10.2021 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.

Яғни, сотталған В. есімді азамат есепке алынғаннан кейін қыркүйек айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтарғаны үшін бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланған.

Алайда, оған қарамастан В. есімді азамат мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтаруын тоқтапаған және мәжбүрлі еңбекті орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартуы немесе дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтаруы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.

Аталған ұсынымды 21.10.2021 жылы негізінен қарау барысында прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.

Осыған орай, сотталған В. есімді азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының 2 (екі) 2 (екі) ай 7 (жеті) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 А.Танбаев 

Байқоңыр қалалық пробация

қызметінің бастығы әділет капитаны                                                                         

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.