Есірткіні заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген азамат қоғамдық жұмыс арқылы жазасын өтеуде
Жыл басынан Жаңақорған аудандық пробация есебінен 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Қазіргі таңда бір азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазасын өтеуде.
Аудандық пробация қызметінің инспекторы Ә.Мұратбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері азаматты тексеру барысында олардың киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатында өзімен бірге заңсыз сақтағаны анықталған. Сот үкімімен азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Ол қазіргі уақытта аудандық әкімдік белгілеген орындарда күніне 4 сағаттан тазалық жұмыстарын атқарып жүр.
«Қазіргі уақытта өз кінәмді толық түсіндім. Қандай қылмыс жасасаңда оның өтеуі жаза екенін біле тұра жасағаныма іштей өкінішім бар. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмен. Бұл маған үлкен сабақ болды»,- деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]