Коронавирусты вакцина ғана жеңеді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы Сұлушаш Набева коронавирус инфекциясымен күресу кезінде вакцинацияның маңыздылығын айтты.
Оның айтуынша, коронавирусты тек вакцина жеңеді. Пандемиядан шығудың жалғыз жолы – екпе алу. «Мен коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация бастала салысымен алғашқылардың бірі болып вакцина алдым. Вакцинация – пандемияны жеңе алатын ең басты құрал деп санаймын. Сондықтан мен барлығын, бүкіл халықты вакцинациядан қорықпауға шақырамын. Барлығы өзіңізді және жақындарыңызды осы қорқынышты індеттен қорғау үшін жасалатынын түсінуіңіз керек. Вакцина сонымен қатар эпидемияның алдын алатын бүгінгі үміт. Сізге вакцина егу керек. Бұл – бәріміз үшін басты және маңызды міндет», - деді Сұлушаш.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау бірінші ақпанда басталды.
[xfvalue_img]