Қармақшы аудандық пробация есебіндегі азаматтар вакцина алды
Бүгін Қармақшы аудандық пробация есебіндегі азаматтар аудандық ауруханаға барып, өз еріктерімен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырды. Вакцина алуға келген есептегі азаматтарға дәрігерлер вакцинаның маңыздылығы мен вакцинаны егу әдістері және вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Өзімнің, отбасымның амандығы үшін вакцина салдырдым. Бұл дертті таратпаудың жолы -вакцина алу болса, оны алу керек деп есептеймін. Хал-жағдайым жақсы. Енді екінші вакцинаны 21 күннен кейін салдыртамын»,- деді есептегі азамат.
«Пробация есебіндегі азаматтар да өз еріктерімен жаппай вакцина салдыртып жатыр. Індетті жеңудің жалғыз жолы-вакцина. Бұл адамдардың арасында коронавирус инфекциясының әрі қарай таралып кетпеуіне септігін тигізеді. Мен де «Спутник V» вакцинасын алдым. Өйткені біз халықпен жұмыс жасайтын болғандықтан алуға тиіспіз»,-деп есептеймін деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Әбілдаев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]
17 пікір