Пробация есебіндегі тағы бір азаматқа мәжбүрлі еңбек тағайындалған » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Пробация есебіндегі тағы бір азаматқа мәжбүрлі еңбек тағайындалған

Пробация есебіндегі тағы бір азаматқа мәжбүрлі еңбек тағайындалған

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің  есебінде 500-ден астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасымен сотты болған  120-дан астам   азаматқа  сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Қызылорда қаласының тұрғыны В. есімді азамат  ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып,  сот үкімімен оған 3жыл бас бостандығынан шектеу жазасына  жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынады.  Қазіргі уақытта  ол  100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін өтеу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы «Қызылорда  Тазалығы » ЖШС-не жіберілді. Күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде.

«Оңай олжаға кенелемін деп опық жедім. Дәлірек айтсам, ұрлық жасап, сотты болдым Темір-терсек ұрлап, өткіздім. Өз өміріме өзім балта шаптым. Өкініш өзегімді өртейді. «Ұрлық түбі – қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарға  жаман әдеттен  бойларын аулақ ұстаңдар деп  кеңес берер едім.

Осы жасаған қылмысым үшін сот үкімімен тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды» – дейді пробация есебіндегі азамат.

 Пробация есебіндегі сотталғандардың мәжбүрлі еңбекті орындау орны бойынша тексерілді

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.