Арал тұрғыны мәжбүрлі еңбекке тартылды
Арал аудандық пробация қызметінің есебінде 70-тен астам сотталған есепте тұр. Оның ішінде бас бостандығын шектеу жазасымен сотты болған 30-дан астам азаматқа сот үкімімен мәжбүрлі еңбек тағайындалған. Арал ауданының тұрғыны Ш. есімді азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылауға алынады. Қазіргі уақытта бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген жерде , яғни аудан орталығындағы орталық алаңда күніне төрт сағат құрылыс жұмыстарын атқару арқылы жазасын өтеуде.
«Пробациялық бақылау белгіленген әрбір азаматқа жаза өтеудің тәртібі мен міндеттері пробация қызметкерлерімен түсіндіріледі. Есепте тұрған барлық сотталғандарға әлеуметтік, медициналық, психологиялық, заңгерлік көмектер толығымен көрсетіледі.Пробация қызметкерлерімен мекенжайынан, жұмыс орнынан тексеру жұмыстары жүргізіледі.Жуырда есептегі 3 азамат мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантты ұтып алып, жеке мал шаруашылығы кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр»,-деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Ерболат Жарасов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]