Аралда пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өтті
Арал аудандық полиция бөлімінің ғимаратында аудандық пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандарды қайталап қылмысқа жол бермеу және жұмысқа орналастыру мақсатында кездесу өтті. Кездесуге Қызылорда облысының «Дін мәселелерін зеттеу орталығының» Арал ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Ж.Өтегенов, Жақсықылыш кентінің бас имамы М.Әбіштегі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы К.Жаймақова және пробация қызметкерлері мен есептегі 20 сотталған қатысты.
Кездесу барысында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы К.Жаймақова жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, жеке кәсіп ашу бағытында кеңес берді. Жастарды имандылыққа шақырған шарада сөз алған Жақсықылыш кентінің бас имамы Мәжит Әбіштегі сотталғандарды ізгілікке, үлкенді сыйлауға, сабырлы болуға, діни сауатты болуға шақырып, еліміздегі түрлі діни ағымдардың сипаты мен арам пиғылдары жайында әңгімелеп берді.
Жиын соңында сотталғандар сала мамандарына сұрақтарын қойып,тұщымды жауаптарын алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]