ҚРКФ ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша пікірі

ҚРКФ ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша пікірі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары ҚР Президентінің Жолдауда айтқан еңбек адамдары үшін өте маңызды бастамаларын, соның ішінде ең төменгі жалақыны көтеруді зор ықыласпен қабылдады.

Нарық жағдайында ең төменгі жалақы жалақының деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Себебі ол жұмыскерді жұмыс берушінің еңбек құнын өз еркімен анықтауынан қорғауға арналған. Сөзсіз, жалақы қоғам мүшелерінің көпшілігі үшін олардың әл-ауқатының негізі болды және солай болып қала береді әрі сол арқылы қоғамдық құрылымның әлеуметтік әділдігі туралы түсінік қалыптасады.

         Кәсіподақтар федерациясы әр түрлі алаңдарда қазақстандық жұмысшылардың жалақысын дәйекті түрде жоғарылату, оның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін шешуге бастама көтерді. Мемлекет басшысының бүгін берген тапсырмалары іс жүзінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрудың жарқын мысалы болып табылады.

Ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсуі әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда барлық салада жұмыс істейтін миллионнан астам адамға әсер етеді.

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін маңызды және өте қажет қадам жасалды. Ең төменгі жалақының көтерілуінен тұрғындардың барлығы пайда көреді. Бұл жалақының аз болса да номиналды өсуін білдіреді. Ең төменгі жалақының өсуі – азаматтардың экономикалық тәуелсіздік деңгейінің жоғарылауы. Екіншісі – мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалатын шығыстарды бұған дейін еңбек ақысы аз болып, осы көмекті алып келген адамдардың санын азайту арқылы төмендету. Үшіншіден, еңбек шығынының өсуі, жұмыс беруші өзінің өнімділігін арттыруға ұмтылады яғни оған жоғары жалақы алатын және білікті жұмысшылар қажет болады. Төртінші - жасырын жалақыны «көлеңкеден» шығару.

 Жалақының деңгейі мен динамикасы – елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың әлеуметтік тиімділігін бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі. Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 1,5 пайызға өсуіне сеп болады.

Жалақы – 6,5 миллион қызметкердің негізгі табыс көзі. Президент атап өткендей, жалақы қорының өсуі кәсіпорын иелері кірісінен 60 пайызға  артта қалды. Кәсіподақтардың пікірінше, Мемлекет басшысының жұмыс берушілерді жұмысшылардың жалақысын көтеруге ынталандыру туралы шешімі жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң серпін береді.

Біз сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылға қарай, алдыңғы жылдары жалақыны көтеруден тыс қалған бюджет қызметкерлерінің (мәдениет қызметкерлері, спортшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер және т.б.) жалақысын жыл сайын ұлғайту туралы бастамасын тиісті және әділ деп есептейміз. Себебі бұл шешім жалақысы төмен 600 мың азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Әрине, бұл тек бірінші қадам. Адамдардың өмірін жақсарту үшін әлі де көп нәрсе істеу керек. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе оның құны мен ең төменгі тұтыну себеті қалай қалыптасатынын қайта қарау қажет.

Соңғы жылдары жалақыны реттеу мәселесі қоғамда белсенді талқыланып, тез арада шешілуін талап етті. Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімін қолдай отырып, жалпы алғанда, жұмыспен қамту, жалақы мен еңбек қатынастарын реттеу саласында заманауи, икемді заңнамалық базаны құру қажеттігін атап өтеді.

Айта кету керек, өз кезегінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2021-2023 жылдарға арналған ҚР Үкіметі, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімге ХЕҰ -ның № 131 Конвенциясын ратификациялау, жалақыны жыл сайынғы индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекітуге қатысты мәселелерді енгізе алды. Қазіргі уақытта әлеуметтік әріптестер Конвенцияны ратификациялау, жалақыны жыл сайынғы индекстеу, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қарау бойынша консультациялар өткізу үшін жұмыс жоспары мен жұмыс тобының құрамын бекітті.

Ел Президентінің Еңбек адамын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ынталандырудың маңызды шараларына бастамашы болғаны қуантады. Бұл қоғамда жалақы мәселесіне, оның мәні мен ресурстық қамтамасыз етілуіне біртұтас тұжырымдамалық көзқарас қалыптасады деген үміт тудырады.

Біздің бұл жердегі ұстанымымыз нақты. Егер адам жұмыс жасаса, ол кедей болмауы керек. Кәсіподақтар федерациясы әрқашан осы принципті ұстанады және стратегиялық мақсаты –  ең төменгі жалақыны халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейге дейін кезең-кезеңмен жоғарылатуға ұмтылады. 

Сатыбалды Дәулеталин,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Ahsley 15 января 2024 08:59

    Excellent blog here! Also your website loads up fast!
    What web host are you using? Can I get your affiliate link
    to your host? I wish my website loaded up
    as quickly as yours lol

    My web-site ... Antjuan

  2. аватар
    Partick 15 января 2024 09:05

    I've been surfing on-line more than 3 hours as of late,
    yet I never discovered any interesting article like yours.
    It is lovely worth enough for me. In my opinion, if all web owners and bloggers made good content as you probably did, the internet will probably
    be much more useful than ever before.

    My website Donaven

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.