ҚАЖ қызметкері көмекке зәру жанға өмір сыйлады
«Бір тамшы қан бір өмірді құтқарады» демекші, ЗК-169/4 мекемесінің кезекші қызметінің колония бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Тоғатай Алмасбек көмекке зәру жандарға өмір сыйлап, келе жатқан жанның бірі деп айтсақ артық емес. Қызылорда облыстық қан орталығы мекемесі хабарласып, шұғыл түрде ауыр халде жатқан науқасқа қан керектігін және қан құрамындағы тромбоцид клеткалары Алмасбектің тромбоцит клеткаларымен сәйкес келетіндігін айтып хабарласқан. Алмас науқастың өмірін өз қолында екенін түсініп, дер кезінде жетіп, зәру жанға өмір сыйлаған. ҚАЖ қызметкерінің бұл амалы, ерлікке пара- пар іс –әрекет.
«2021 жылдың сәуір айында мекеме қызметкерлерімен бірге қан орталығына қан тапсыруға келгенімде ауыр халде жатқан науқастың қан құрамындағы тромбоцит клеткаларымен сәйкес келіп,оның өмірін құтқардым. Өз қаңынды мұқтаж жанға сыйлау өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға екінші өмір сыйлау – сауапты іс . Адам ғұмырына ауадай қажет қанға зәру жандарға, мүмкіндігімше жиі донор болып, қол ұшын созамын. Қан тапсыру арқылы өзгеге өмір сыйлау менің азаматтық парызым»,- дейді әділет капитаны Тоғатай Алмасбек .
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
[xfvalue_img]