Нұр-Сұлтан қаласындағы жол қауіпсіздігі: дыбыс беретін жолақтар, камералар және бағдаршамның жұмысындағы өзгерістер

Нұр-Сұлтан қаласындағы жол қауіпсіздігі: дыбыс беретін жолақтар, камералар және бағдаршамның жұмысындағы өзгерістер

Қала әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен прокурордың, Полиция департаменті басшылығының, аудандық әкімдіктер және мүдделі органдардың қатысуымен елордада құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді. Қарастырылған мәселелердің бірі елордада жол қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру барысы және жол қауіпсіздігі мәселесі болып табылады.

Елордада әсіресе қысқы уақытта жолақтардың шекарасын белгілейтін қосымша сол жақ бұрылыс жолақтарында жарық модульдерін қолдануға, сондай-ақ қызыл түсті дыбыс беретін жолақтардың санын арттыруға қатысты Полиция департаментінің ұсыныстары қолдауға ие болды.

Бүгінгі таңда қызыл түсті дыбыс  беретін жолақтар 7 учаскеде бар. Мысалы, Әлиев көшесі бойындағы балалар футбол клубы ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдында, Түркістан көшесі бойынша «Алпамыс» балалар бақшасы ауданында және т.б. жылдың соңына дейін тағы да 38 учаскеде қолдану жоспарлануда. Аталған шаралар жаяу жүргіншілер өткелінің алдында жылдамдықты мәжбүрлі түрде азайтуға, сондай-ақ ашық-қызыл түсті жолақтың есебінен жүргізушілердің назарын аударуға мүмкіндік береді. Қозғалыс бағдарын жоспарлау мақсатында қалаға кіреберісте ақпараттық қалқандар санын көбейту туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа бағдаршамдардың жұмыс режимін өзгерту бойынша ұсыныс қолдауға ие болды. Аралық уақытты ұлғайту есебінен (сары түстің жануы 3-тен 4-5 секундқа дейін көбейтілді). Бөгенбай батыр – Республика даңғылдары қиылыстарында  бағдаршамның жұмыс режиміне енгізілген өзгерістердің нәтижесі бойынша апаттылық жағдайды төмендетуге қол жеткізілді.  Аталған өзгерістерді енгізгеннен кейін солға бұрылған кезде жол қозғалыс оқиғасы саны 57% азайды. Жолдың жиегіне орнатылған камералар да жол көлік оқиғасының санын азайту және жүргізушілерді тәртіпке келтіруге ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, жолға орнату арқылы жол белгілерін көруді жақсарту, сондай-ақ пластикпен жабылған жеңіл жиналмалы металл конструкциялардан жаяу жүргіншілер қоршауларын  қолдану жоспарлануда.

Алдын алу және ескерту мақсатында елорда әкімдігі Полиция департаментімен бірлесіп қала көшелерінде қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша шаралар қабылдауда, оның ішінде жаңа сызбаларды және техникалық құралдарды қолдануда.  Қала аумағында «сары түсте» қос тұтас сызықты жол таңбаларын қолдану бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, Комиссия отырысында әлеуметтік нысандардың (мектеп, аурухана, балалар бақшасы және т.б.) бейнекамераларын қалалық бейнебақылау жүйесіне қосу бойынша Жол картасын іске асыру барысы және мектепке дейінгі және білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  қаралды. 

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.