АДВОКАТТАР «АДАЛ КӨМЕК» ЖОБА АЯСЫНДА КЕҢЕС БЕРЕДІ
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ADAL KÓMEK» жобасын белсенді іске асыруда.
Қазіргі уақытта карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты жоба жұмысы онлайн режимінде жүзеге асырылуда.
Осы жоба аясында танымал адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік қызметшілер Facebook, Instagram және WhatsApp-мессенджер әлеуметтік желілері арқылы азаматтарға онлайн-кеңес береді.
Осы аптада Нұр-Сұлтан қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Лунев Илья Михаилович «Мәмілелер» тақырыбында тікелей эфирді өткізді.
Тікелей эфир барысында мәмілелер, олардың түрлері, жарамсыз мәмілелер туралы заңның жалпы талаптары қаралды. Атап айтқанда, жарамсыз және даулы мәмілелер, адал сатып алу және сатып алу мерзімі туралы ұғымдар ашылды. Эфир барысында адвокат өзінің жеке тәжірибесінен мысалдар келтірді. Келесі кездесуде жиі кездесетін кейбір мәмілелер, олардың белгілері және олар бойынша заңнама талаптары егжей-тегжейлі қарастырылатын болады. Келіп түскен сұрақтарға эфир барысында адвокат тиісті кеңестер берді. Илья Михаиловичтің қатысуымен апта сайын тұрақты негізде осындай тікелей эфирлер өткізу туралы шешім қабылданды.
Азаматтардың сұрақтары үшін арнайы электрондық пошта adalkomek_nur@mail.ru құрылды. Олар бойынша консультациялар эфирлер кезінде берілетін болады.
Тікелей эфир сілтемесі: https://www.facebook.com/astana.adaldyq.alany/videos/1499741657033284
[xfvalue_img]