Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізуге құқығы бар.

Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген ең негізгі функцияның бірі-мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Әдеп кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру бойынша жекелей консультациялық кеңестер беру болып табылады.

   Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін  ұжымда  қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі. Уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнамалар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай – ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Осыған сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлықпен күресте, оның алдын алуда, мемлекеттік қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда   үлкен мақсаттар қойылған. Сонымен қатар уәкілдердің алдына мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшыларының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану мақсаттары қойылған.

   Қазіргі кезде облысымызда барлық қала, аудан әкімдері аппараттарында әдеп жөніндегі уәкілдер тағайындалған.

  Уәкілдердің арасында аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, қатардағы жұмыс тәжірибесімен қатар өмірлік тәжірибесі бар  мемлекеттік қызметшілер бар. Аталған тұлғаларға әрдайым ұжымда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының, әдеп кодексінің талаптарының  бұзылуы фактілері бойынша, оның алдын алу туралы ұсыныспен жүгінуге болады

Әдеп Кодексі - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым- қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез – құлық, соның ішінде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

Б. Кенчимбаев,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің ШҚО бойынша

департаментінің бас маманы

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.