Сотталғандар арасындағы шығармашылық байқау өз мәресіне жетті
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесі мен Облыстық Дін істері басқарамасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, экстермизм және терроризм бабы бойынша жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында «Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбында шығармашылық байқау жарияланған болатын.
Аталмыш байқауға 8 сотталған қатысып өз шығармаларын ұсынды. Облыстық дін істері басқармасы жанынан құралған «Журналистер клубы» мүшелерінің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 10 маусымында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
І орынды сотталған С.Д иеленіп арнайы сыйлық және дипломмен марапатталды. Сондай-ақ ІІ және ІІІ-ші орындар үшін сотталған Қ.С және Ж.Н марапатталды. Сонымен қатар сайысқа қатысушы барлық сотталған азаматтар ескерусіз қалмай ынталандыру сыйлықтарымен және «Қатысқаны үшін» деген арнайы марапат қағаздарымен марапатталды.
Шара соңында сотталған азаматтар өз алғыстары мен тілектерін айтты. Орталық директоры Б.Камалов мұнымен іс-шараның тоқтап қалмайтындығын тілге тиек ете отырып, «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне» орай, «Әдеп және көркем мінез» тақырыбында викториналық ойындар ұйымдастырылатынын және жақсы орындарға ие болу үшін қазірден бастап дайындала беру керектігін айтып жеткізді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]