Сотталғандар арасында мәдени-спорттық шара өтті
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде сотталғандар арасында мәдени және спорттық іс- шара өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға 30-дан аса сотталғандар белсене қатысты. Дойбыдан өткен сайыста бас жүлдені К есімді сотталған азамат иеленсе, қол күрестен Н есімді сотталған 1-орынға ие болды. Спорттық сайыстар тартысты да қызықты өтті. Кіші футболдан өткен жолдастық кездесу барысында "Орда" командасы мен "Сырдария" командасы тең түсті. Волейболдан өткен командалық ойын да жоғары денгейде өтті. Мықты ойыншылардан құралған "Отырар" командасы, "Марс" командасын айқын басымдылықпен жеңіп, 1-орынға ие болды. Мәдени шарада сотталғандар өз өнерлерін көрсетіп, шара көркін кіргізді, бірі домбыра тартса, бірі баян, бірі гитарада шебер ойнады. Л есімді сотталған қытай тілінде ән шырқады. Мекемеішілік мәдени және спорттық шараның жеңімпаздары, мекеме бастығының бекіткен қаулысымен арнайы сыйлықтармен марапатталады.
«Мекемеде спорттық, мәдени шаралар жиі өтеді. Бүгінгі шарада спорттық жағынан болса да, өнер жағынан да өнерімізді ортаға салдық. Жүлделі орын иеленедім. Ұйымдастырушыларға мекеме әкімшілігіне алғысым шексіз»,- деді Т. есімді сотталған азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]